375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еңбек қауіпсіздігін сақтамау салдарынан жылына 2 мыңға жуық оқиға тіркеледі

  • 245
  • UPD: 14:54, 06.03.2019
Еңбек қауіпсіздігін сақтамау салдарынан жылына 2 мыңға жуық оқиға тіркеледі

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігін сақтамау салдарынан жыл сайын 2 мыңдай қайғылы жағдай тіркеледі. Оның 300-дейі адам өлімімен аяқталады.

Бір мыңдай жұмыскер алған жарақаты немесе өндірістік ауру салдарынан мүгедек болады. Бір ғана 2018 жылы Еңбек инспекторларының кәсіпорындарға жүргізген тексерісі барысында еңбек қауіпсіздігін сақтамаудың 11 мың дерегі тіркелді. Жұмыс берушілерге жалпы сомасы 402 миллион теңгедей айыппұл салынды. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, елімізде жұмысшылардың 23 проценті денсаулыққа қауіпті жерлерде еңбек етеді. Дегенмен, соңғы бес жылда өндірісте жарақат алу деректері 22 процентке қысқарған. Осы үдерісті одан әрі жалғастыру мақсатында биыл «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқаны өткізілмек.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:

- Кейінгі бес жылдың ішінде бізде жарақат алғандардың саны, оның ішінде қайтыс болған адамадардың саны 40 пайызға дейін төмендеді. Жарақат алған жағдайлардың барлығы жас жұмысшылармен болып жатыр. өйткені олардың жұмысқа деген қабілеттілігі, екінші еңбек қауіпсіздігін дұрыс сақтамаған. Жұмыс берушінің ең бірінші бастапқы парызы жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау.

Хабар 24 телеарнасы