378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жәбірленушілердің өтемақы қорына 300 млн теңгеден астам қаражат түскен

  • 236
  • UPD: 15:30, 06.03.2019
Жәбірленушілердің өтемақы қорына 300 млн теңгеден астам қаражат түскен

Соңғы 9 ай ішінде «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына» 300 млн теңгеден астам қаражат жиналды. Аталған сома қылмысқа барған 9 мыңға жуық сотталушыдан өндірілген.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлады. Еске сала кетейік, өткен жылдың шілде айында қылмыскерлердің қолынан зардап шеккен азаматтарға немесе қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленетін қор ашылған болатын. Осыған байланысты 2020 жылдың шілде айынан бастап елімізде жәбірленушілерге өтемақы төленеді.

Дархан Дүйсембай, ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі:

- Өтемақы 30-дан 50-ге дейінгі АЕК мөлшерінде 1 жылдық төлем түрінде төленетін болады.  Бұл ретте зардап шеккен адам кінәлі адамнан толық шығынды одан ары өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды. Өтемақы тағайындау үшін жәбірленуші ретінде танылған тұлға қылмыстық қудалау органына өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініштің қаралу мерзімі 10 күн. Ал оның берілу мерзімі 3 жыл. Өтемақы тағайындау не болмаса одан бас тарту туралы шешімді қылмыстық қудалау органының басшылығы қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы