389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА көп балалы аналарға құрмет көрсетті

  • 958
  • UPD: 18:01, 06.03.2019
ҚХА көп балалы аналарға құрмет көрсетті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көп балалы аналарға құрмет көрсетілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев бала тәрбиесі мен кәсіби мамандығын қатар алып жүрген нәзікжандыларды келе жатқан мерекесімен құттықтап, оларға гүл мен алғыс хаттар табыстады. Еліміздің әр өңірінен келіп бас қосқан аналар мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлікте, әскери салада және саясатта телегей табысқа жеткен білікті мамандар. Өміріндегі күрделі кезеңдері туралы айтып, қуанышты естеліктерімен бөліскен олар тағдырластарына игі тілектерін арнап, өзара ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ассамблея хатшылығының меңгерушісі қатысушыларға келер айда көрсетілетін әлеуметтік көмек жөнінде де егжей-тегжей түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, елімізде 340 мың көп балалы отбасы бар.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

- Nur Otan партиясының съезінде де осы мәселелерге көңіл бөлінді. Және мемлекеттен арнайы осы мәселе жөнінде көмектер ұйымдастырылды. Қолдау көрсетуді барлығын тапсырды. Сондықтан да Елбасымыз әрбір қазақстандық отбасының жүргізіліп жатқан реформаларының нәтижелерін алыс болашақта емес, бүгін сезіну керектігін қадап айтты. Мен ҚХА аналардың мұң-мұқтажын назардан тыс қалдырмайтынына сенім білдіргім келеді. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын!

Дарья Безрукова, 5 баланың анасы:

- Әрине, біз сияқты көп балалы аналарға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жақсы. Дегенмен әр отбасыға жекелей қараса, нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамын. Әлбетте, бала тәрбиелеуге де уақыт қалатын өз ісімді дөңгелеткім келеді. Мәселен, сұлулық салоны немесе балабақша ашқым келеді. Осы ретте бізге кәсіп ашуға мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы ақпараттандыру әлде де белсендірек жүрсе деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы