378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Альварес: Джейкобсты есінен тандырамын

  • 318
  • UPD: 23:52, 06.03.2019
Альварес: Джейкобсты есінен тандырамын

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексиклық Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 35 КО) алдағы жекпе-жегінде қарсылас болатын IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобстың (35-2, 29 КО) төрелік әділ болмауы мүмкін деген шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Боксшылар арасында жекпе-жек өтетінін жарияланғаннан кейін Джейкобс мексикалық боксшы қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) екі жекпе-жектің біреуінде де жеңбегенін, тек төрешілер Альвареске жақтас болғанын және мұндай жағдай өзімен де қайталануы мүмкін екенін айта бастаған.
Бұған жауап ретінде «Канело» төрешілер шешіміне сүйенбейтіндей, Джейкобсты нокаутқа түсіруге уәде етті. 

«Джейкобс нокаутқа түскісі келетін сияқты. Бұл жекпе-жек те өзгеше бола қоймас», – дейді Альварес.

Хабар 24 телеарнасы