375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада автобус жүргізушісі өртті сөндірді

  • 246
  • UPD: 18:18, 06.03.2019
Астанада автобус жүргізушісі өртті сөндірді

Астанада №7 автопарктің жүргізушісі Жанбек Бескенпіров жеңіл автокөлік қозғалтқышы жануының алдын алды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана LRT» компаниясына сілтеме жасап.

Оқиға Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарының қиылысында орын алды. Жеңіл автокөліктің жанында қарт адам өртті өшіре алмай тұрды. Капот астынан түтін шығып, қозғалтқыш жанып жатқаны анық болды. Сол кезде Жанбек өрт сөндіргіштің көмегімен өрттің алдын алды.

Жүргізушінің жасаған бұл әрекеті назарсыз қалмады. Оқиға куәгерлері Astana109 қалалық анықтама қызметіне қоңырау шалып, Жанбек №2 қалалық бағдардың жүру жолында жеңіл автокөліктің жануын алдын алғаны туралы хабарлады. 

«Астана LRT» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов Жанбекке өз алғысын білдіріп, сыйлық ретінде сыйақы берді. 

Хабар 24 телеарнасы