378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да әлеуметтік жағдайды жақсартуға көңіл бөлінеді

  • 264
  • UPD: 20:30, 06.03.2019

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының тапсырмалары негізгі 3 әлеуметтік бағыт бойынша жүзеге асады.

Біріншіден, табысты көбейту және халықтың аз қамтылған тобын қолдау. Бұл ретте сәуір айының 1-інен бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа критерийлері енгізіледі. Екіншіден, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру салаларын жақсарту бойынша нақты жобалар жүзеге асады. Инфрақұрылымды дамытуға да айрықша назар аударылады. Соның ішінде биыл аймақта 500 шақырымдай жол жөнделеді. Көгілдір отынмен қамту бойынша 3, ал елді мекендерге ауызсу тарту бойынша 18 жоба жүзеге аспақ. Ал үшінші бағыт бойынша денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген 14 мыңдай адамның еңбек ақысы өседі.  

Алтай Көлгінов,  Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Батыс Қазақстан облысының аз қамтылған 21 мың отбасы көретін болады. Сонымен бірге таза ауызсу, жол, әсіресе жергілікті жолға көңіл аудару, сонымен бірге өзекті мәселелердің бірі – бұл қолжетімді баспана. Әсіресе аз қамтылған, мұқтаж азаматтарға қолжетімді аспана салу қарқынды жүріп жатыр. Енді жаз айларында біз ең алғашқы үйлерді тапсыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы