389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2025 жылдың соңына дейін жолдардың 95 пайызы жақсарады

  • 648
  • UPD: 19:34, 06.03.2019
2025 жылдың соңына дейін жолдардың 95 пайызы жақсарады Atameken Business Channel

Елімізде алдағы уақытта жергілікті автожолдарды кеңейтуге ерекше ден қойылмақ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бұл бағытқа 350 млрд теңге немесе жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінетін болады. Осылайша бір жылда қосымша мың шақырым жол жөндеуден өтеді. Жалпы, жергілікті жолдарды жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден тепе-теңдік негізінде жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылған. Бұл шаралар 2025 жылдың соңына дейін жолдардың 95% жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы