389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы көп қабатты үйде болған жарылыстың себебі анықталуда

  • 727
  • UPD: 10:36, 07.03.2019
Павлодардағы көп қабатты үйде болған жарылыстың себебі анықталуда

Павлодар қаласының көп қабатты үйлерінің бірінде жарылыс болды.

Оқыс оқиға нысанның бірінші қабатында болды. Мамандардың айтуынша, өрт сегіз шаршы метрлік аумақты шарпыған. Жарылыс барысында үйдің ішінде бірнеше адам болған. Олардың біреуі жарылыс жерінде қайтыс болды, ал тағы бір азаматтың денесінің 50%-ін күйік шалды. Зардап шеккен ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екі кісіге медициналық қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында жылжымалы криминалистік зертхана мамандары тиісті шараларды қолға алған. Әзірге жарылыстың неден болғаны белгісіз. «Оқыс оқиға газ баллонының жарылуынан орын алып отырған жоқ», – дейді мамандар.

Самат Асайынов, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Пәтерде жарылыс болған, бірақ газ баллонынан емес. Себебі, тұрғындар ас әзірлеу барысында электр плитасын пайдаланған. Пәтер иесінің айтуынша, үйдің ішінде белгісіз зат оралған бума болды. Қандай зат екені тексеріс барысында анықталады.

Ольга Антонова, куәгер:

- Үйде отырған кезде қатты дыбыс естілді. Далаға жүгіріп шықсам, қою түтіннің шығып жатқанын көрдім. Құжаттарымды қолыма алып, сыртқа шықтық.

Хабар 24 телеарнасы