378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 39 адам қар құрсауынан шығарылды

  • 223
  • UPD: 21:19, 06.03.2019
Қостанай облысында 39 адам қар құрсауынан шығарылды

Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында 39 адам қар құрсауынан шығарылды.

Наурызым ауданы Дәмді ауылы маңында 4 жеңіл және 16 жүк көлігі тұрып қалған. Құтқарушылардың күшімен автокөліктердің барлығы шығарылып, қозғалыстарын жалғастырды. Сондай-ақ, республикалық Арқалық-Жезқазған және жергілікті маңызға ие Арқалық-Ангарский тас жолында КамАЗ бен жеңіл темір тұлпар қарға қамалып қалды. Эвакуацияланғандардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы