378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда сел қаупі сейілді

  • 216
  • UPD: 09:26, 07.03.2019

Алматыда таудағы сел жүруі мүмкін аймақтардың саны 2016 жылы 67 болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті азайту үшін 2017-2018 жылдары бюджеттен 12,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 94 шақырым арық жүйесі салынды. Мұнымен қатар 32 шақырым өзен жағасы бектілді.

Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД басшысының орынбасары:

– Осы екі жылдағы жасаған жұмыстың нәтижесінде 55 учаскедегі қауіп жойылып, 12 учаске ғана қалып отыр. Қазіргі таңда 7300 адам, 107 мото помпа, 1600 әртүрлі техника, 30 мың қап және 670 тонна құм арнайы осы су қаупі мезгіліне дайын.

Қазіргі кезде таудағы қардың қалыңдығы – 83 мм. Ең қауіптісі – Қаскелең, Талғар және Кіші Алматы шатқалы. «Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда бес есеге аз», – дейді төтенше қызмет өкілдері. Ал наурыз айындағы жауын-шашынның мөлшері жылдағыдай 76 мм болады деп болжанып отыр. 

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

– Алматы қаласы мен облыс әкімдігі төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндігі жетеді, деп айтуға болады. Республика бойынша қазір Батыс Қазақстан облысы қауіпті саналады. Ондағы қардың қалыңдығы жылдағыдан көп болып тұр. Одан кейін Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары басты назарда. Ақпан айында жалпы төтенше жағдайлар қызметінің дайындығы пысықталды. 

Күрделі жөндеуден өткен Мыңжылқы су қоймасында қазір 500 мыңнан аса текше метр суды сақтауға мүмкіндік бар. Ал қаладағы арықтар мен өзен аңғарлары қыс айларында жиналып қалған қалдықтардан тазартылды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы