378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

60 мыңнан астам жас азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі

  • 238
60 мыңнан астам жас азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі

Биыл 60 мыңнан астам жас азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Елімізде «Zhastar – Еl Tiregi» жалпыұлттық жобасы іске қосылмақ. Бағдарлама аясында жұмыссыз жүргендерді еңбекпен қамту жоспарда бар. 20 мың адам бизнес жүргізудің негіздерін үйренеді. Тағы 25,5 мың азамат жастар практикасына қатысады. Ал өз ісін бастаймын деген жас кәсіпкерлерге қосымша 10 мың грант бөлінеді. Берілетін қаржылай қолдаудың соммасы да екі есе артып, 505 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар 5 мың жас кәсіпкерге шағын несие беріледі. Айта кетейік, жалпыұлттық жобаны жастар жылы аясында іске асыру көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы