378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында өсімдіктің 3 мыңнан астам түрі өседі

  • 258
Түркістан облысында өсімдіктің 3 мыңнан астам түрі өседі

Түркістан облысы – табиғи байлығының сан алуандығымен ерекшеленетін еліміздің ең көрікті аймағының бірі.

Өңірде бүгінгі таңда өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі өседі. Оның ішінде 118 түрі Қызыл кітапқа енген. Олар – сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар өсімдіктер. Соның бірі – дүние жүзіне біздің елімізден таралған дала қызғалдағы. Ол табиғат ананың жаңадан түлеп, құлпырған кезі көктемнің сәуір-айында алқызыл гүлдерін ашады. Қызғалдақ лалагүлдер тұқымдасына жатады. Әрі көпжылдық шөптесін пиязшықты өсімдік саналады. Көктем гүлі тіршілік жаңарған шақта жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейді. Сосын мамырда тұқымын шашады. Естеріңізде болса, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өсетіндігі туралы айтылған болатын. Ал грейг қызғалдағы Түркістан облысының таулы өңірі Түлкібастағы Шұбайқызыл шоқысына тән. Даланың әсем гүлін көздің қарашығындай сақтау үшін өңірде дәстүрлі қызғалдақ фестивалі өткізіліп келеді. Биылдан бастап бұл шараның ауқымы кеңеймек.

Жасұлан Төлеубеков, облыстық туризм және сыртқы байланыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Қызғалдақ Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу Жабағылы» қорығында арнайы қорғау аймағында өседі. Ол жерге келуші туристер өте көп. Маусым басталғанда онда туристерге, туроператорларға белгіленген орындар бар. Қызғалдақтарды көруге 12 туроператор алыс-жақын шетелден арнайы келмек.

Хабар 24 телеарнасы