375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар жол қайта жаңғыртылады

  • 226
  • UPD: 11:35, 07.03.2019
Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар жол қайта жаңғыртылады

Жамбыл облысында Меркі-Шу-Бурылбайтал бағытындағы республикалық маңыздағы жол қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көптен бері өзекті мәселеге айналған жөндеу жұмыстары биыл мамыр айында басталады. Облыстық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, алғашқы кезеңде 266 шақырым жолдың 25 проценті төселеді. Ал толығымен 4 жыл ішінде аяқтау жоспарда. Қазір жол түсетін аумақтағы жер телімдері мемлекетке қайтарылып жатыр. Жалпы биыл аймақта 430 шақырымнан астам жол жөнделеді. Әсіресе, облыстық және аудандық маңыздағы ауыларалық жолдарға мән берілмек. Елді мекендердегі көшелер мен автожолдарды жаңғырту, күрделі және орта жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 11 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.

Бақытжан Жәнібеков, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Бұл жоба техникалық экономикалық негіздемеге сәйкес 101 млрд теңгені құрап отыр, оның Меркіден Шуға дейінгі аралығы 1-санаттағы жол болады. Әрі қарай Шу қаласын айналмалы жолы одан Бірлік, Бірліктен Бурылбайтал жолына дейін 2-санаттағы жолға жататын болады.

Хабар 24 телеарнасы