378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да техникалар көктемгі су тасқынына қаншалықты дайын?

  • 234
  • UPD: 11:36, 07.03.2019
СҚО-да техникалар көктемгі су тасқынына қаншалықты дайын?

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алуға жауапты төтенше жағдайлар қызметі мен азаматтық қорғаныс саласының дайындығы пысықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтып келмейтін апаттың бетін қайтару үшін атқарылатын іс-қимылдар тағы бір мәрте нақтыланып, мамандар қолда бар техникалардың жай-күйін тексерді. Жалпы айта кету қажет, бүгінгі күні солтүстікте 92 елді мекенге тасқын судан қауіп төніп тұр. Сондықтан құтқарушылар бұл ауылдарды қатаң бақылауға алды. Тек департамент қарамағынан 1300-ден астам адамды құрайтын бірнеше топ жасақталды. Жанар-жағармай, инертті материалдар жеткілікті мөлшерде. 700-ге жуық түрлі техника және 112 эвакуациялық бекет дайындалды. Жалпы су тасқыны орын алса, арнайы облыстық резервке 525 миллион теңгеден астам қаржы жинақталған.

Рамиль Камалов, облыстық ТЖД бастығы:

– Биыл бізге республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, қосымша 62 мотопомпа сатып алынды. Олардың әрқайсысы сағатына 130 текше метр су сорады. Қазір дайындығымыз жаман емес. Енді наурыз айының үшінші он күндігінен бастап біз жеке құрамды облыстың оңтүстік бөлігінде орналасқан Уәлиханов, Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарына жіберетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы