375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық оқушы өрт сөндірудегі ерлігі үшін марапатталды

  • 200
  • UPD: 14:50, 07.03.2019
Оралдық оқушы өрт сөндірудегі ерлігі үшін марапатталды pastinfo.am

Оралда 11 сынып оқушысы Мирас Жүнісов «Өрт сөндірудегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Өжет өрен өз өмірін тәуекелеге тігіп, өрт шыққан үйден екі бірдей адамды құтқарып қалған. Оқыс оқиға Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында болды. Қырағы жеткіншек алдымен көрші үйдің түтіндеп жатқанын байқайды. Жақындап келген кезде жылаған баланың дауысын естиді. Ойланып жатпастан, бірден үйге кіріп, 8 жасар баланы алып шығады. Оны көршілерге табыстаған бойда жалынға шарпылған үйге екінші мәрте еніп, 50 жастағы ер адамды тілсіз жау тырнағынан құтқарады. Мирас оқу озаты, облыстық зияткерлік сайыстардың жеңімпазы. «Алтын белгіден» үміткерлер сапында. Батыл жеткіншекті марапаттаған облыстық ТЖД басшылығы оның келешекте құтқарушы мамандар қатарын толықтырарына сенімді.

Мирас Жүнісов, 11 сынып оқушысы:

– Мен бұл ісімді мақтан етіп айта алмаймын, мен адамдарды мақтан үшін немесе марапат алу үшін құтқарған жоқпын. Менің ойым тек адам өмірін құтқару болды. Егер мен сол өртті көріп тұрып, кетіп қалар болсам, дұрыс жасамас едім.

Ғаини Нұрғалиев, Тайпақ ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Артымыздан осындай інішектер өсіп келе жатқанына қуанамыз, мақтан етеміз. Алдағы уақытта біздің салаға келіп, біздің жасап жатқан жұмыстарды әрі қарай жалғастырады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы