389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында көпбалалы отбасыларға медициналық көмек көрсетілуде

  • 987
  • UPD: 15:10, 07.03.2019
Қызылорда облысында көпбалалы отбасыларға медициналық көмек көрсетілуде

Қызылорда облысының барлық медициналық ұйымдары соңғы 10 күннен бері жаппай «Ашық есік» күнін жариялады.

Бұл жолғы денсаулық акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға медициналық көмек көрсетіле бастады. Мәселен, айтулы шара басталған алғашқы үш күнде қалалық балалар ауруханасы мыңнан астам жасөспірімді қабылдап, ем-дом жасаған. Облыстық перинаталдық орталықта ана мен бала денсаулығына кешенді түрде зерделеу жүргізіліп жатыр. Дәрігерлердің кеңесін тыңдап, емін уақытылы алған Анар Әшім де Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бесінші баласын аман-есен бауырына басты. 

Анар Әшім, қала тұрғыны:

– Көпбалалы аналарға ашық есік жарияланыпты, ауылдық жерлерде, аудандарда ұйымдастырылып жатыр. УЗИ-ге түсіп тұрдым. Баланың денсаулығы жақсы.

Бибізада Дүйсенбаева, облыстық дансаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– Көпбалалы аналарды қабылдауға барлық медицина ұйымдарында қоғамдық кабинеттер ашылды. Бас дәрігерлердің тарапынан белсенді жұмыстар жүргізу және осы медицина ұйымдарындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтармен қазіргі таңда үлкен істің басы атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы