378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау тұрғындары Каспий суының таяздануына алаңдаулы

  • 279
Ақтау тұрғындары Каспий суының таяздануына алаңдаулы

Қарт Каспийдің суы қайда кетті? Ақтау қаласының тұрғындары осындай тақырыппен әлеуметтік желілерге түрлі видеолар жүктеуде.

Видео кадрлардан жағалаудағы судың тартылып, су түбіндегі тастардың көріне бастағанын байқау қиын емес. Бұл көрініс тұрғындардың үрейін ұшыруда. Тәуелсіз эколог Кирилл Осин аталған құбылыстан қауіптенудің қажеті жоқ екенін айтады. Теңіздің таяздануының бірнеше себебі бар. Бастысы ғаламдық жылынуға байланысты, сондай-ақ Каспийдің ерекшелігіне орай оның суы 25-30 жылда азайып, көбейіп отырады екен. Өткен ғасырдың 80 жылдары теңіз деңгейі жоғары болған. Соңғы 30 жылда су жағадан 1-2 метрге кейін шегінген.

Кирилл Осин, эколог:

– Теңіздің таяздануының тағы бір себебі – Каспийге құятын Еділ мен Жайық суының да азайып бара жатқандығында. Қос өзен шекарада орналасқандықтан, оның суын бірнеше мемлекет пайдаланады. Егер өзен сулары алдағы жылдары көбейсе, Каспий де молая түспек.

Хабар 24 телеарнасы