384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шүлбі су қоймасындағы жағдай тұрақты

  • 957
  • UPD: 17:24, 07.03.2019
Шүлбі су қоймасындағы жағдай тұрақты

Шүлбі су қоймасындағы жағдай толық бақылауда әрі тұрақты. Бұл туралы Семей қаласындағы су тасқынының алдын алу жөніндегі жұмыс тобының отырысында мәлім болды.

Оның құрамында жергілікті атқарушы билік, төтенше жағдайлар басқармасы, Ертіс бассейн инспекциясы, Өскемен және Шүлбі су электр станцияларының өкілдері бар. Басқосуда су қоймаларының қазіргі жағдайы, алдағы су жіберу науқанына дайындық барысы пысықталды. Соңғы мәліметтер бойынша, қазір Шүлбі су қоймасында 2 миллиард 200 миллион текше метр су бар, яғни 94 процентке толған. Ал гидроқұрылғының жоғарғы деңгейі балтикалық жүйемен 239,47 метр. Бұл төменгі көрсеткіш болып есептеледі.

Ермак Сәлімов, қала әкімі:

- Бүгінгі күні жағдай толық бақылауда, барлық жауапты мекемелермен үйлесімді жұмыс істеп отырмыз. Ауа райы да қар мен мұз бірден еріп кетпей, ыңғайлы болып тұр, алаңдауға негіз жоқ. Егер осы болжам сақталса, Семей қаласы бойынша мұз жару жұмыстары қажет болмауы да мүмкін. Дегенмен, барлық төтенше жағдайға дайын болуымыз керек. Ол үшін мұндай кездесулер жиі өтіп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы