389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 20 медициналық бекет салынады

  • 460
  • UPD: 18:49, 07.03.2019
СҚО-да 20 медициналық бекет салынады

Солтүстік Қазақстан облысында 170-тен астам елді мекенде медициналық бекет жетіспейді. Елбасы тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл мәселені кезең-кезеңімен шешпек.

Мәселен, үстіміздегі жылы 20 осындай мекеме салу жоспарланып отыр. «Бұл әсіресе ауылдық жерде медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді»,- дейді мамандар. Бұған қоса, соңғы үш жылда облысқа арнайы 65 жедел жәрдем көлігі сатып алынбақшы. Ал биыл 100-ден астам дәрігерді өңірге жұмысқа тарту көзделген. Өйткені қазір солтүстікте 235 маман тапшы. 

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Перспективті ауыл анықталған. Сол ауылдарға сәйкесінше салатын боламыз, жыл сайын солардың мөлшерін көбейтетін боламыз. Ақша бойынша ол жекеменшік мемлекеттік әріптестіктің аумағында салынатын болады. Қазіргі уақытта түрлі жағдайлар бар. Немесе ол медициналық пунктер өте ескірген, тозған. Немесе ол жерде бейімделген орынжай дейді, сол жақта орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы