378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте әлеуметтік көмек түрлерін цифрландырудың «Е-халық» базасы енгізіледі

  • 270
  • UPD: 20:15, 07.03.2019
Шымкентте әлеуметтік көмек түрлерін цифрландырудың «Е-халық» базасы енгізіледі

Шымкентте әлеуметтік көмек түрлерін цифрландыру мақсатында «Е-халық» базасы енгізіледі. Бұл жоба қала тұрғындарының отбасылық әлеуметтік картасын жақсартуға мүмкіндік бермек.

«Е-халық» жүйесі арқылы тұрғындардың жанұясы туралы ақпаратты, мекен-жайын және әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтауға болады. Сондай-ақ шаһарда аға буын өкілдерінің уақытын тиімді өткізу үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылады. Ал жұмыспен қамту орталығында көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасы мүшелерінің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында цифрлық кабинеттер ашылмақ. Олар орталыққа келіп, тегін білім алады. Бұдан бөлек қалада көпбалалы аналарға арналған орталық та ашылады. Мұнда оларға мемлекеттік қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Шымшаһарда 31 мыңнан астам көпбалалы ана болса, оның 3 мың 200-нің күн көріс деңгейі төмен.  Ал мүкіндігі шектеулі азаматтар саны 36 мыңға жуықтайды.  Оларға қолдау көрсету үшін бірқатар жобалар қарастырылып жатыр. 

Гүлжан Құрманбекова, қала әкімнің орынбасары:

- Аналар орталығында бізде осы аз қамтамасыз етілген азаматтар, мүмкіндігі шектеулісі бар әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Одан бөлек қаламыздағы аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы аналардың жан басына шаққандағы кедейлік шегі 5 мыңға жетпейтін азаматтарға қала бюджеті есебінен 100 мың теңге беру бойынша да шешім қабылдап тапсырмасын берді.

Хабар 24 телеарнасы