389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО диқандары цифрландыру көмегімен астық шығымдылығын арттырды

  • 559
  • UPD: 22:02, 07.03.2019

Солтүстік қазақстандық диқандар цифрландыру арқылы астық шығымдылығын 30 центнерге арттырды. Өңірде егіс алқаптарының 95 проценті электронды картаға көшірілген.

Фермерлер ұялы телефон арқылы ауарайын, топырақтың құнарлылығын, егіннің өнімділігін дәлме-дәл біле алады. Қазір астықты аймақта озық технологиямен жұмыс істейтін 107 шаруашылық бар. Диқандар қауымының айтуынша, бұл еңбек өнімділігін де арттыруға мүмкіндік берді. Тағы бір айта кетерлігі, заманауи жүйе мал шаруашылығына да кеңінен енгізіліп жатыр. Бүгінде 7 сүт кешені цифрландырылған.      

Қуандық Шақыбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Посевной басталғаннан аяғына дейін, күзге дейін бәрі түгел көрініп тұрады. Сол кезде мынау учетный информационный центр ғарыштан съемка жасап, 3 күннің ішінде ол в реальном времени көрсетіп тұрады. Сол кезде анау вегетациялық кезең көрінеді түгел.

Хабар 24 телеарнасы