378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында көп балалы отбасыларды қолдауға 700 млн теңге бөлінеді

  • 256
  • UPD: 21:17, 07.03.2019
Ақмола облысында көп балалы отбасыларды қолдауға 700 млн теңге бөлінеді

Ақмола облысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін қосымша 700 млн теңге бөлінеді. Бұл қаражат облыстық бюджетті оңтайландырудың арқасында қарастырылып отыр.

Мәселен, биыл 13 мыңға жуық баланы ыстық тамақпен қамту үшін қосымша 213 млн теңге, ал көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың коғамдық көліктерде тегін жүруі үшін 106 млн теңге қаржы бөлінбек. Ал осы жылға жәрдемақыға деген 19 млн қаражатқа тағы 44 млн теңге қосылады. Ол өмірде түрлі қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек ретінде берілмек. 

Ботагөз Ахметова, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім жетекшісі: 

- Бұл бір реттік берілетін жәрдемақы. Көлемі 15 айлық есептік көрсеткіш. Яғни 37 мың 785 теңге. Ол табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, түрлі ауыр дертке шалдыққандарға, соғыс ардагерлеріне және табиғи апатқа ұшырағандарға беріледі. Аталған көмекті олар мамыр айынан бастап ала алады.

Хабар 24 телеарнасы