389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің Қарулы Күштері заманауи құралдармен жабдықталады

  • 818
  • UPD: 22:51, 07.03.2019

Қазақстан Қарулы күштерінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады. Басты талап ұлттық әскеріміз заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Бұл мәселелер Қорғаныс министрлігінде өткен басқосуда талқыланды. Ведомства басшысы қарамағындағыларға әскери техникамен жабдықтау  бағдарламасында қамтылған шараларды тиімді іске асыруды тапсырды.

Бүгінде ұлттық әскердің материалдық-техникалық жабдықталуы  заманауи талаптарға толық сай келмейді. Сондықтан қазір Қарулы Күштерді цифрландыруға көшіру міндеті тұр.  Бұл Елбасы жүктеп отырған тапсырманың бірі. Қорғаныс министрлігі осы бағытта жүйелі шаралар қабылдап, іске асырып келеді. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Жеке құрам материалдық тұрғыда барлық қажетті заттармен қамтылған. Қазір әскери қызметкерлердің тұрмысын одан сайын жақсарту шаралары қабылданып жатыр. Қарулы күштердің барлық түрін дамыту басым бағыттың бірі. Бұл ретте жоғары технологиялық қару-жарақпен, заманауи барлау, байланыс  құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру керек. Алған бетімізден қайтпай, әскери техникамен жабдықтаудың 2030 жылға дейінгі бағдарламаны тиімді іске асыру маңызды.

Бұл бағытта материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері әскери басқару органдары және өзге де мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс атқаруда. Осы орайда министр, қазына қаражатын үнемдеп, оқдәрілерді, жанармай мен өзге де материалдық құралдарды тиімді жұмсау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ әскерді медицина құралдарымен қамтамасыз етуге  де айрықша көңіл бөлінді. Жалпы басқосуда айтылған тапсырма аз болмады. Соның бірі білікті  маман дайындау мәселесі. Сапаны арттыру үшін Ұлттық Қорғаныс университетінің оқу процесіне  заманауи әдістерде енгізу міндеті жүктелді.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Хабар 24 телеарнасы