375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі түрмелерде сотталғандар саны 5 мың адамға азайды

  • 261
  • UPD: 22:38, 07.03.2019
Еліміздегі түрмелерде сотталғандар саны 5 мың адамға азайды

Өткен жылы Қазақстан түрмелерінде отырғандардың саны 5 мың адамға азайды. Бұл туралы Алматы облысында өткен қылмыстық саясатты жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов хабарлады.

Оның айтуынша, 1996 жылы Қазақстан сотталғандардың саны бойынша АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында болған. Ал, қазір 83-ші орында. Бұл,  қылмыстық заңнаманы жетілдірудің нәтижесі. Сондай-ақ, конференцияда Жоғарғы Сот өкілдері алқа билер сотында қаралатын қылмыстық істердің қатарын көбейтуді ұсынды. Статистикаға жүгінсек өткен жылы алқа билер соты бар-жоғы 44 істі қарапты.

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:

- Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілген өзгерістер адам құқы мен бизнестің қорғалуын күшейтті. Сот бақылауы кеңейді. Электронды формат енгізілді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы уәкілеттілік нақты бекітілді.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Ізгілінендіру шаралары кейбір мамандар сынға алғандай криминогендік жағдайды еш нашарлатқан жоқ. Осы орайда жалпы тіркелген қылмыстардың саны 8 пайызға азайғанын айта кеткен жөн. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс 19, қарақшылық 16 пайызға төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы