388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында тігін фабрикасы қайта іске қосылды

  • 961
  • UPD: 08:00, 08.03.2019
Қарағанды облысында тігін фабрикасы қайта іске қосылды

Қарағанды облысының Абай қаласында тұратын тігіншілерге мереке қарсаңында керемет тарту жасалды.

Мұндағы әйгілі тігін фабрикасы ұзақ жылдан соң, қайтадан қалпына келтіріліп, іске қосылды. Еңбекке тартылған нәзік жандылардың көңіл-күйі тамаша, әр жұмыс күнін әндетіп бастайды.

Тігіншілердің жұмысқа деген ынтасы әрдайым жоғары болса, еңбек өнімділігі де артады. «Демек жалақы да көп болады», – дейді фабрика басшылығы. Өткен ғасырдың 70-жылдары 2 мыңға жуық адам жұмыс істеген бұл кәсіпорынның тоқырау жылдары тоз-тозы шығып, тоқтап қалды. Араға 20 жыл салып  тамырына қайтадан қан жүгірді. Қазір мұнда 70 адам тұрақты еңбек етеді. Жуырда тағы 80 адам жұмысқа алынады. Себебі тапсырыс өте көп. Қарбалас жұмысқа қарамастан, тігіншілер 8 наурыз мерекесіне де сыйлық әзірлеп жатыр. Сөйтіп бір-біріне құттықтамақ.

Жаңыл Байтасова, тігінші:

- Бірінші сыйлық көңіл-күй ғой. Көктем, фабрикаға көшіп келдік. Бұйыртса, адамдар көбейеді. Жұмыс көп болады. Мерекелерде бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Жастық, көрпе тігіп, бір-біріне сыйлық істейді.

Хабар 24 телеарнасы