378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдағы зауытта үш айда 100 трактор шығарылды

  • 224
  • UPD: 08:35, 08.03.2019

Өткен жылдың желтоқсан айынан өндірісі іске қосылған Қостанайдағы трактор зауыты жүзінші тракторды конвейерден шығарды.

Және олардың барлығы өз тұтынушыларын тапқан. Жаңа зауытта жұмыс істейтіндердің дені жастар. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде олардың қатары да арта түседі.

Ағайынды егіздер Асан мен Үсен Тұраровтар жоғары білімді инженерлер. Былтыр осы зауытқа орналасқан. Қазір жас жігіттер өндірістік желінің 6-бекетінде трактор бөлшектерін құрастырып, жинаумен айналысады. «Өз қолымызбен істеп, көп нәрсеге қанығып жатырмыз», – дейді қос бауыр.

Үсен Тұраров, зауыт жұмысшысы:

- Алтыншы бекетте біз дөңгелектерді саламыз. Сосын кронштейн, т.б. саламыз. Күнде үйренеміз, сұраймыз, Сұрақ болса, бригадирге айтамыз.  

Қостанайда құрастырылатын тракторлардың бұрынғылардан ерекшелігі көп. Сондықтан кәсіпорында жұмыс істейтін кәдімгі механизаторлардың өзі мұнда қайтара дайындықтан өтеді.

Боранбай Шайкен, зауыт жұмысшысы:

- Өзім осы механизатор болып 20 жылдай жұмыс істеп жатырмын. Бұрын осы тракторларды қолымен өздеріміз бұзып, жинаған кездеріміз болды. Бұрынғы тракторлардан ерекшелігі, қуаттылығы артқан, күші көбейген, екі есеге өтімділігі де жақсы.

Зауытта әзірге ірі бөлшектері құрастырылады. Және күніне екі трактор шығарылады. Үш ай бұрын ғана жұмысын бастаған кәсіпорынның қазіргі қаракеті біреулерге қораштау көрінер, бірақ биылғы жылға өндірісті кеңейту мақсатындағы ой-жоспаларын білсеңіз көңіліңіз марқаяды.

Виталий Хмелевской, трактор зауытының өндірістік директоры:

- Өзімізде капот, кабина, қанаттарын жасайтын қосымша цехтар ашу жоспарланып отыр. Сөйтіп өндірістің отандық үлесін 50 процентке жеткіземіз. Екі ауысымда жұмыс істеп, жылына 3 мың трактор шығаратын боламыз.

Қазір өндірістік желі бойында 16 адам жұмыс істейді. Келер жылы, толық қуатында көшкенде олардың саны 3-4 есеге артады. Зауыт жұмысшылардың орташа жалақысы – 115 мың теңге. Биыл оны 10-15 процентке көтереміз деп отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг 

Хабар 24 телеарнасы