375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 60 отбасы баспаналы болды

  • 375
  • UPD: 14:09, 08.03.2019

Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға берілді.

Дәл қазір  пәтер кілттерін тапсыру рәсімі өтіп жатыр.

Сарысу ауданының тұрғындары үшін үлкен мерекелік сый болғаны сөзсіз. Бұл – кезінде тоқырау жылдары қаңырап бос қалған көпқабатты тұрғын үйлердің бірі. Мемлекет оны қайта жаңғыртуға қаржы қарастырып, баспанаға аса мұқтаж жандарға арендалық тұрғын үй ретінде беріп отыр. 

Баспаналы болғандардың тізімі аудандық тұрғын үй комиссиясы зерттеу, зерделеу жүргізіп барып анықталған. Қоныс тойы Жаңатас қаласындағы №1 ықшам ауданда тойланып жатыр. Дәл қазір тұрғындарға пәтер кілттері салтатантты түрде табысталуда. Баспана жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және мемлекеттік қызметкерлерге бұйырып отыр. Бұл үйде бір бөлмелі 5, екі бөлмелі 35 және үш бөлмелі 20 пәтер бар екен. Үй иелері жаңа шаңырақтарына кіріп, шашу шашып, бір-бірін құттықтап жүр.

90-жылдары осы шағын қалада 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй, мыңдаған пәтер бос қалған. Тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл үйлер техникалық сараптамадан өткізіліп, жарамсыздары сүріліп тасталды. Ал жарамды деп танылған 16 үй шетінен жөнделіп ел игілігіне берілуде. 

Құрылысшылардың айтуынша, жаңа үй тұрғызғаннан гөрі бұл экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді. Мәселен, жаңа көпқабатты тұрғын үй салу үшін 700 миллион теңгедей қажет болса, дайын үйлерге жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 300 миллион теңге жұмсалатын көрінеді. Қазір аймақ бойынша 24 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу бағытында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында былтыр 1673 пәтер пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.

Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Әкімдік тарапынан құны 5,6 млрд теңгені құрайтын 710 пәтерлі 11 арендалық үйдің құрылысына республикалық бюджетті нақтылауда қаржы бөлу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, өтінім тапсырылды. Алдын ала есептерге сәйкес, осы жобаларға ағымдағы жылы қосымша 3,1 млрд теңге бөлінгелі отыр.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы