378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да өзен-көлдерді ауамен байыту жұмыстары жүргізілуде

  • 259
  • UPD: 12:51, 08.03.2019

Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар мен көк мұздан балықтарға оттегі жетіспей жатыр.

«Әсіресе таяз су қоймаларындағы жағдай қиын», – дейді мамандар. Сондықтан табиғат жанашырлары өзен-көлдерді ауамен байыту жұмыстарына кірісіп кетті.

Осы қыс балықтар үшін қолайсыз болып тұр. Өйткені былтыр сирек жауған қар биыл қалың түсті. Мұз да 1 метрге қатып қалған.

«Бұл судағы оттегі қорын азайтып жіберді», – дейді мамандар. Яғни қазір балықтарға ауа ауадай қажет. Сондықтан табиғат жанашырлары мереке күні де өзен-көлдерде ауаландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның бірнеше жолы бар. Көбі ойық ояды, ал кейбіреуі қаңылтыр бөшкелерден желдеткіштер жасап алған. Ол желмен бірге айналып, ауаны табиғи жолмен жібереді. Әрі мұз қатпайды.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 2 мың 300-ден астам көл бар. Бұл жұмыс мұз ерігенше жалғасады. Оны балық үшін жани ашитындар істейді. Өйткені олар да тіршілік иесі.

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Хабар 24 телеарнасы