378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 16 485 көп балалы ана тұрады

  • 289
  • UPD: 13:22, 08.03.2019
Атырау облысында 16 485 көп балалы ана тұрады

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында атыраулық 7 ардагер ана Алтын және Күміс алқа иегері атанды.

Бүгінде мұнайлы өңірде 16 485 көп балалы ана тұрады. Олардың ішінде 2035 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Еңбекке қабілетті 1500-ден астам ана тұрақты жұмыспен қамытылған. Елбасы тапсырмасына сәйкес, қоғамның әлсіз топтарын қолдау мақсатында облыста көптеген кешенді шаралар қолға алына бастады. Биылдан бастап көп балалы әрбір отбасының жеке әлеуметтік картасы жасақталды. Сол дерек бойынша күн көрісі төмен деп танылған отбасылардағы әр балаға 20 789 теңге кепілдік көмек ретінде төленеді. Бұл мақсатқа 677 миллион теңге қаржы бөлінген.

Нұргүл Мақашева, көп балалы ана:

- Бүгінгі мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек біз секілді әйел-аналарға өте көп. Үйде отырған аналарымыз өздерінің шаруашылығын жасауына, кәсіп ашуына да мол мүмкіндік бар. Бүгінгі аналарымыздың мерекесі құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы