378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында сақтық шаралары күшейеді

  • 256
  • UPD: 14:02, 08.03.2019

Қостанай облысында биыл су тасқынынан төнер қауіп-қатер көп.

«Аймақта екі мыңдай адам тұратын 39 елді мекен су астында қалуы мүмкін», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Былтырғыға қарағанда биыл облыстағы қар мөлшері жоғары. Салдарынан ақ ұлпа еріп, өзен-сулар арналарынан тасу қаупі бар. Жақында бес аудандағы өзен-көлдерде 58 мың текше метр мұзды жару жұмыстары қолға алынады. Осылайша судың өз арнасымен еркін ағуына жағдай жасалмақ. Өңірдегі барлық су қоймаларының 75 проценті толып тұр. Демек олар әлі де су қабылдай алады.

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, су тасу кезеңі наурыз айының соңынан басталып, 40 күнге созылуы ықтимал.

Облыс бойынша тасқыннан зардап шеккендер үшін 100-ден астам эвакуациялық нысан дайындалады. Әскери шатырлар әрі асхана, әрі баспана, сонымен қатар медициналық пункт қызметін атқарады.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

 

Хабар 24 телеарнасы