378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 44 көлік қар құрсауынан шығарылды

  • 287
СҚО-да 44 көлік қар құрсауынан шығарылды

Солтүстік Қазақстанда қыс қаһарынан қайтар емес.

Өткен тәулікте өңірде қатты жел көтеріліп, әсіресе Тимирязев ауданының жүргізушілерін әбден әбігерге салды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолға шыққан 44 автокөлікті құртқарушылар қар құрсауынан босатты. Аталған көліктерде 137 адам болған. Ал оның 9-ы – бала. Барлығы дін аман. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Мұнымен «Алматы – Екатеринбург» бағытындағы тасжолында жүріп келе жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісі көктайғаққа байланысты тізгінге ие бола алмай қалып, жол жиегіне түсіп кеткен. Жергілікті атқарушы билік өкілдері оған да көмек көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы