378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

  • 285
Астана әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

«Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау мерейлі күні сіздердің мейірімділіктеріңіз, даналықтарыңыз бен төзімділіктеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Әйел адам – бақыттың айқын бейнесі. Ол адамға өмір сыйлайды, ұрпағына қамқор болып, оның әлемді тануына жол ашады. Елорданың бүгінгі қарқынды дамуы әйелдердің еселі еңбегі мен қажыр-қайратының арқасында мүмкін болды. Астананың экономикалық, мәдени, әлеуметтік тұрғыда өркендеуіне қосқан сіздердің сүбелі үлестеріңіз болашақта біз бағындырар белестердің мықты іргесі болмақ. Көктемгі мерекеде сіздерге зор денсаулық, шексіз махаббат пен бақыт тілеймін! Сіздердің барлық армандарыңыз орындалып, отбасыларыңызда амандық пен бірлік болсын!», – делінген құттықтауда.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы