378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы көрерменге жаңа жоба ұсынады

  • 340
  • UPD: 20:57, 08.03.2019

«Хабар» арнасында – жаңа жоба. Бүгін кешкі сағат 21:30-да «Аптаның айтары» бағдарламасы қалың көрерменге жол тартады.

Жобаның алғашқы санында әлеуметтік қамқорлық тақырыбы қаузалады. Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева қоғам талқысына түскен өткір мәселелерге қатысты пікір білдірмек. Бағдарламаны журналист Дархан Әбдуахит жүргізеді. Неліктен көпбалалы отбасылардың бәріне бірдей әлеуметтік көмек көрсетілмейді, нағыз мұқтаж азаматтар қалай анықталады деген сияқты сауалдарға студия мейманы нақты жауап береді. «Аптаның айтары» бағдарламасы енді әр аптаның жұмасында эфирге шығады. Жоба ең өзекті деген мәселелерді талқылауға, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап іздеуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы