378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында барлық жедел қызметтер 112 нөміріне біріктірілді

  • 283
  • UPD: 21:11, 08.03.2019

Қызылорда облысында «112» бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі қанатқақты жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әмбебап ақпараттық орталыққа әзірге жедел әрекет ету қызметтері біріктірілген. Алдағы уақытта олардың қатарына коммуналдық шаруашылығы және анықтама бекеттері қосылмақ.

Қабылданған қоңырау бірден өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға және полиция мен дәрігерлерге бағытталады. Бас-аяғы 5-10 минуттың ішінде жедел қызметтер тік тұрады.

Талғат Лекеров, жедел басқару орталығының жетекшісі:

– Бұрын біз тек қана полиция қызметкерін жіберетінбіз. Полиция қызметкері не болып жатқанын анықтап, содан кейін керек болса телефонына қоңырау шалып, жедел жәрдем қызметін жібертетінбіз. Оның өзі 10 минут уақыт алатын. Қазіргі таңда 3-4 минут ішінде барлық полиция қызметкері де, жедел жәрдем қызметі де барып жатыр. 

226 мың шаршы шақырымға созылған Қызылорда облысының барлық 264 елді мекенінің тұрғындары «112» қызметін пайдалана алады. Күнделікті орталықтың 15 кезекші операторы 1700-дей қоңырау қабылдайды. Шақырылымның көбісі медициналық мамандарға бағытталады.

Айымжан Ақылбекова, орталық диспетчері:

– Бізде қазір Жаңақорған ауданынан шақырылым түсіп тұр. 2-санаттағы шақырылым. Жүрек науқасымен есепте тұратын науқас. Оны 14 бекет, 93-бригадаға бекітеміз. Одан кейін 2-санаттағы шақыруға бізде 14-15 минутта жету керек.

Дереу қол ұшын созатын орталыққа байланыстан тыс жерден, бірлігі жоқ тіпті сим-картасы жоқ телефоннан да қоңырау шалуға болады.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Енсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы