378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әмина Өмірзақованың жеке заттары Семейдегі музейге тапсырылды

  • 299
Әмина Өмірзақованың жеке заттары Семейдегі музейге тапсырылды

Семейдегі облыстық өлкетану музейі жаңа дүниелермен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның халық әртісі, көпшіліктің сүйікті кейіпкеріне айналған кино және театр қайраткері Әмина Өмірзақованың жеке заттары енді көрермен назарына ұсынылады. Өмірінің соңғы жылдарында киген шапаны, орамалы, бас киімдері, фотосуреттері арнайы бұрышқа қойылды. 50-ден астам жәдігерді музейге табыстаған жақын туысы Серік Төкенұлы деген азамат әйгілі актрисаның өмір жолы туған елінде де жас ұрпаққа өнеге болсын деп шешіпті.

Хабар 24 телеарнасы