378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында МЖӘ аясында медициналық нысандар салынады

  • 312
  • UPD: 08:47, 09.03.2019
Жамбыл облысында МЖӘ аясында медициналық нысандар салынады

Жамбыл облысында биылғы жылы ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған 40 медициналық мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынбақшы.

Ал 2020 жылы 25 нысан бой көтеріп, алғашқы санитарлық көмектің  қолжетімділігін 100 процентке  жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің науқасқа шұғыл жетіп, көмек көрсетуі үшін өңірде былтыр 27 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынған. Алайда шақыртуларға дер кезінде жету үшін әлі де 42 автокөлік қажет. Елбасы алғашқы санитарлық көмектің қаржыландыру үлесін 60 пайызға жеткізуді тапсырған. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы бағыт бойынша да министрлікке қосымша қаржы бөлу туралы ұсыныстарын жіберді

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Былтыр біз 39 нысан алғашқы санитарлық көмек нысандарын пайдалануға бердік, оның ішінде 30-ы жекменшік әріптестік аясында биылда 40 нысан, құрылысы жоспарланып пайдалануға беруге жоспарлап отырмыз. 2020 жылы  25 нысан соғылады. Сонымен біздің облысымызда алғашқы санитарлық көмектің қажеттілігі 100 пайызға қамтитын болады.

Хабар 24 телеарнасы