378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жазасын өтеушілер ашық есік күнінде жақындарымен жүздесті

  • 313
  • UPD: 13:47, 09.03.2019

Қызылордадағы ЗК 169\5 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер аналары мен жұбай-қарындастарына әсерлі тосынсый жасады. 8-наурыз мерекесіне арналған ашық есік күні сотталғандар жақын жандарына гүл шоқтарын ұсынып  өз қолымен жасаған бұйымдарын тарту етті. 

Жақындарымен жүздесуге тәртібі түзу, мәдени-спорттық шараларға белсене қатысатын жазасын өтеушілер ғана мүмкіндік алды. Соның бірі Сұлтанбек Лепесов. Соңғы 5 жылын абақтыда өткізген ол бостандыққа шығып, анасының қасына баратын ендігі 2 жылын еш ескертусіз өткерсем дейді.    

Сұлтанбек Лепесов, жазасын өтеуші:

- Мамамды сағындым. Мекеме қызметкерлері, әкімшілігінің арқасы мүмкіндік беріп, кездестіріп, анамызбен сағынышымызды басып жатқанымызға ризамыз. 

Айсара Лепесова, жазасын өтеушінің анасы:

- Баламды сағынып, құшақтап, мауқымды басып жатырмын. Үйде күтіп отырмын аман-есен оралса дейміз әйтеуір. 

Шарада облыстық кітапхана ұжымы сотталғандарға 500 кітап сыйлады. Түзету мекемесінде жалпы рухани-тәрбиелік мәні зор шаралар жалпы жиі ұйымдастырылады.

Айгүл Көшербаева, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана сектор меңгерушісі:

- Атап айтсақ, интеллектуалды сайыстар, викториналық шоулар, кітап көрмелері, поэзия кештеру, «білім-ырыс қазығы», «білім-биіктегі алтын тұғыр», мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, сан сұрақтарға саяхат.

Тасболат Қалымбетов, зк196\5 түзету мекемесінің басшысы:

- 2018 жылдан бастап біздің мекеме қауіпсіздігі аралас болып аталды. Қазіргі таңда мекемеде 638 сотталған ұсталуда. Олардың 315-і жеңілдетілген жағдайда. Демек мекемедегі 638 сотталғанның жартысы тәртібі түзелген болып саналады. Осы іс-шара қалған тағы 300 сотталғанның тәрбиелік мәні бар түзелу жолына түсу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Темір торға қамалғандардың жартысынан астамы жұмыспен қамтылған. Мекемеде 10 кәсіпкерлік нысаны орналасқан өндіріс аймағы бар. Қылмыстық атқару жүйесінің мамандары жаза мерзімін өтеп шыққандардың кәсіппен шұғылданып, қоғамға сіңісуін жеделдететін жобаларды көптеп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы