378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көп балалы отбасылар үшін арендалық үйлер мамырдан бастап қолданысқа беріледі

  • 263
  • UPD: 13:15, 09.03.2019
Көп балалы отбасылар үшін арендалық үйлер мамырдан бастап қолданысқа беріледі

Елбасы пәрменімен тұрмысы төмен көп балалы отбасылар үшін арендалық тұрғын үйлер салына бастайды. Жаңа үйлердің алғашқысы алдағы мамыр айында қолданысқа берілмек.

Қазір республика бойынша 28 мыңнан аса көп балалы отбасы үй кезегінде тұр екен. Мемлекет жағдайы жұтаң отбасыларды баспанамен қамту үшін оларға жеңілдетілген шарттар ұсынып отыр. Мәселен, 60 шаршы метрді құрайтын бір пәтердің құны 8 жарым млн теңгеден аспайды. Әр шаршы метрінің бағасы 140-180 мың теңге аралығында. Жыл сайын 6 мың пәтер қолданысқа беріледі. 2025 жылға дейін 42 мың пәтерді сату көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы