389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еңбек жолын құтқару қызметінде бастаған келіншек подполковник шеніне дейін жеткен

  • 665
  • UPD: 16:45, 09.03.2019

Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылықты ұялатқан арулар да апаттың алдын алу, ал ол болған жағдайда құтқару жұмыстарына атсалысады. Солардың бірі Нұрсұлу Асқарбекова. Ол Шымкенттегі төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің тәжірибелі маманы. Көп балалы ана ғұмырының 18 жылын осы салаға арнапты. 

Нұрсұлу Ахметбекқызы төтенше жағдайлар қызметіне 2001 жылы жұмысқа орналасады. Еңбек жолын мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Шымкент қаласындағы № 2 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі болып бастапты. Тынбай еңбектенгеннің арқасында сатылап өскен ол қазір кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы. Ұжымында үлгі азаматшаны әріптестері де әрдайым құрмет тұтады.

Жомарт Омар,  ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі кадр бөлімінің бас маманы:

- Нұрсұлу Ахметбекқызы тек өзінің жақсы жағынан, іскерлік жағынан білімді кішіпейіл кішіге ізет үлкенге құрмет ретінде үлгілі қызметкер.

Өртке қарсы қызметтегі қайсібір әйел қауымы болсын бұл қайсарлық пен жігерлікті бойына сіңірген жандар.  Әрдайым қандай жағдай болмасын жүрексінбей өздігінен шешім қабылдап, қысылтаяң жағдайларға әзір жүреді. Осы бір асыл қасиеттердің барлығы бойынан табылатын Нұрсұлу Асқарбекова өзі жұмыс атқаратын мекемеде әйелдер кеңесінің төрайымы.

Нұрсұлу Асқарбекова, ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі кадр бөлімінің аға инспекторы:

- Әр саланың өзінің қиындығы болады. Бізде де енді оңай деп айтуға болмайды. Қиын төтенше жағдайлармен жұмыс істеу керек. Құдайға шүкір, осы дәрежеге жетіп, қазір мынау кадр бөлімінде жұмыс атқарып отырмын. Қағаздармен, адамдармен жұмыс істейміз.

Азаматтық қорғау подполковнигі тек тәжірибелі маман ғана емес, сүйікті жар. Бес баланың аяулы анасы. Ал өмірлік серігі Ғалымжан Әбіләкімұлы да осы салада бірге келеді.  Ата-енесінің ардақты келіні Нұрсұлуды отбасы да әрқашан қолдап қуаттап отырады.

Мадина Жылқыбаева, Н.Асқарбекованың енесі:

- Келіндік қызметінде атқарып келе жатыр Үкіметтің де жұмысынан қалған емес еш уақытта. Қызметі сәл қиындау. Ерте кетеді. Кеш келеді. Сосын жаңағы дабыл дегендері бар таңғы алты да бесте шақырады. Бірақ әйтеуір үйде өзіміз бармыз ғой бала шағаға бас көз боламыз.

Нұрсұлу Асқарбекова, ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі кадр бөлімінің аға инспекторы:

- Үйімізде тыныштық береке болса, ата-енем қасымда болса әрдайым. Солар көмекші. Ақыл айтып отырады. Жолдасымда әрдайым қасымда болса әйел бақыты сол деп ойлаймын. Барша апа әжелерімізді, қыз-келіншектерді аруларды  8 наурыз мейрамымен құттықтаймын.

Нұрсұлудың бұл салаға келуі де кездейсоқ емес. Себебі оның әулетінде атасы, ағасы тіпті жұбайы өртке қарсы қызметте неше жылдардан бері еңбек етіп келеді.  Соларға қарап бой түзеген біздің кейіпкерді ұл қыздары да мереке күні ерекше құттықтауды дағдыға айналдырған.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы