375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өңірлерде 11 директор кабинеттерін оқушыларға босатып берді

  • 341
  • UPD: 23:14, 09.03.2019

Мемлекет басшысының шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы аясында қазір өңірлердегі мектеп директорлары кең сарайдай кабинеттерін оқушыларға сабақ оқуға босатып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Мәселен, Жамбыл облысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 61 білім мекемесіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 11 мектеп басшысының жұмыс кабинеттері 40 және 50 шаршы метр аумақты алып жатқанын анықтаған. Енді бұл мектеп басшылары шағын кабинеттерге көшірілуде.

2079 шәкірт білім алатын мекемеде сынып жетіспеушілігі бұрыннан болған. Сондықтан бұл бастаманы гимназия директоры бірден қолдап, 40 шаршы метрлік кабинетін босатып берді.

Әлішер Әзімбай, №8 гимназия директоры:

- Осы кабинеттің жетіспеушілігін біз ағылшын тілі кабинетін робототехника кабинетіне айналдырып, өзімнің босатқан кабинетіме ағылшын тілі және орыс тілі пәндері оқытылатын кабинет қылып жасақтадық.

Өңірде 446 мектеп бар болса, әзірге 11 директор жайлы орнын білім беру сыныптарына өткізді. Енді бұл үрдіс тоқтап қалмай, өңірдің барлық мектептерінде жалғасын табады. Мұндай жоба мектептердегі сынып жетіспеушілігін шешуге және бюджет қаржысын үнемдеуге үлкен септігін тигізбек.

Дәурен Омаров, МҚІСЖҚА облыстық сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы:

- Мониторинг жұмыстары қазіргі таңда облыс аумағында аудандарда да бастама алды, яғни ауданның бүкіл мектептерін қамтысақ деген ойдамыз.

Ал Шымкентте 28 білім ұясындағы ауданы кең кабинеттер әп-сәтте сынып бөлмелеріне айналып шыға келді. Шаһардағы №17 орта мектеп басшысы Сәулен Адырбекқызы да бұл оңтайландыру бастамасын қолдаған. Себебі 750 оқушыға лайықталған мектепте қазір үш ауысыммен 1250 бала білім алуда. Шәкірт саны көп болған соң, директор кабинетін бастауыш сыныпқа беріп, өзі көрші кішкентай бөлмеге ауысты. Оқушылардың көптігінен білім ұясындағы мерекелік шаралар өтетін акт залда биылғы жаңа оқу жылынан бастап сынып бөлмесі ретінде пайдалануға берілген.

Сәулен искакова, №17 М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің директоры:

- Қазір менің кабинетімде 3-4, сынып бастауыш сыныптары оқиды. Акт залымызда оқып жатқан төрт сынып. Сынып жетіспеушілігі әлі де бар. Төрт сыныбымыз түске дейін және түс қайта оқиды.

Еліміздің батыс өңірінде де 7 мектептің басшылары кабинеттерін қосымша үйірмелер мен сабақтарға беріп, өздері 1-қабаттағы шағын бөлмелерге жайғасты. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы №35 мектеп директоры Ержан Бахытбек 65 шаршы метрлік кеңсесін, 1 «Е» сынып оқушыларына босатты. Ал бұрынғы хатшысының орнында мектеп психологы отыр.

Ержан Бахытбек, №35 мектеп директоры:

- Үлкен кабинет болған соң, жарық та болады, ауасы да жақсы болады, балаларға жүруіне, тұруына ыңғайлы.

«Астана – адалдық алаңы» жобасынан бастау алған игі бастама тек мектеп әкімшіліктерімен ғана шектелмейді. Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелердің орналасқан алаңдарын да оңтайландыру жұмыстарын жүргізу қолға алынды

Авторлары: Аслан Иса, Қырмызы Жексенбек

Хабар 24 телеарнасы