378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында әскерилер полиграф арқылы тексеріледі

  • 256
  • UPD: 23:14, 09.03.2019
Қарағанды облысында әскерилер полиграф арқылы тексеріледі

Енді Қазақстан Қарулы күштеріне лауазымды қызметке тұру үшін әскерилер полиграфиялық тексерістен өтуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл осы саладағы жемқорлықтың жолын кесу үшін жасалып отыр. Емтихан шамамен үш сағат жүргізіледі. Ақылды аппараттың көмегімен адамның алкоголь немесе есірткіге тәуелділігін, құмар ойынға әуестігін немесе пара алуға құштарлығын оп-оңай анықтауға болады. «Полиграфты алдау мүмкін емес», – дейді мамандар. Осы күнге дейін тест тапсырғандардың 30 пайызы емтиханнан сүрінген.

Нұрбол Алтынбеков, әскери полиция бас басқармасының аға офицері:

- Атқарылып жатқан жұмыстың мақсаты – Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша жемқорлықты жеке құрамның арасында болдырмау. Полиграфиялық тексеруден өткен адам, егер де нәтижесі нашар болатын болса, ол ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Ол тек қана лауазымға тағайындалмайды.

Хабар 24 телеарнасы