377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда қоқысты қайта өңдейтін цех іске қосылды

  • 215
Көкшетауда қоқысты қайта өңдейтін цех іске қосылды

Көкшетау қаласында қоқысты қайта өңдейтін цех іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Нысан қала сыртындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жанында орналасқан. Мұнда әзірге сұрыптау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір тәулігіне 2 тонна қоқыс іріктелуде. Ал жалпы қондырғы жылына 30 мың тонна қалдықты сұрыптай алады. Сонан соң екінші желіні орнатып, қайта өңдеу ісі басталмақ. Әзірге қағаз және ағаш бұйымдары ғана кәдеге жаратылады. Ал пластик және полиэтилен секілді материалдар Петропавл қаласына жөнелтілмек. «Себебі оларды қайта өңдеу өте қымбатқа түседі», - дейді цех басшылығы.

Анатолий Черняев, экокомпания директорының орынбасары:

– Алдағы уақытта қала көшелеріне, аулаларға түрлі түстерге боялған контейнерлер қоюды жоспарлап отырмыз. Оның әрқайсысына әртүрлі қалдықтар салынады. Сонда жұмысшыларға да оңай болады. Қазір мұнда 15 адам еңбек етуде. Ал екінші желіні іске қоссақ, тағы он шақты адамды жұмысқа аламыз.

Хабар 24 телеарнасы