378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы аялдамаларда цифрлық кітапхана пайда болды

  • 200
Ақтаудағы аялдамаларда цифрлық кітапхана пайда болды

Көктемнің алғашқы күндері Ақтаудағы алты бірдей аялдамада цифрлық кітапхана пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олар әзірге тестілеу режимінде жұмыс істеп тұр. Мұнда қазақ жазушыларының шығармалары сандық үлгіде жазылған. Сондай-ақ әлем әдебиетінің озық туындыларын да ұялы телефонның көмегімен оқуға болады. Ол үшін ғаламторға қосылған смартфон камерасын QR кодқа бағыттау керек. Электрондық кітаптың аудио нұсқасы да құрылғы жадына сақталып қалады. Интерактивті баннерлер наурыздың соңында дейін қоғамдық орындарға да қойылады.

Данияр Шәкіров, қала әкімі аппаратының бас маманы:

– Бұл жоба қала тұрғындарының кітапқа деген сүйіспеншілігін және ой-өрісін өсіру мақсатында орнатылған болатын. Кітаптарды оқудан бөлек, тыңдауға да болады. Бұйырса, келесі аптада бұл жоба толықтай іске асады.

Хабар 24 телеарнасы