388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі 5 колледжде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 1037
Ақтөбедегі 5 колледжде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Ақтөбенің колледждерінде студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мысалы 1500 студент оқитын политехникалық колледжде «Өзіне өзі қызмет ету бұрышы» ашылды. Бұл жерде «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы қажетті құжаттарды алуға болады. Тәлім алушыларға жеңіл болуы үшін электронды кезек жүйесі де іске қосылды. Жалпы орталықта мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Күніне 20 студент келіп, өзіне қажетті құжатын алады. Алысқа бармай-ақ, оқу орны ішінде барлық жұмысты тындыру студенттер үшін тиімді.

Амандық Көбірбенов, Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті:

– Біз осы жерге келіп, жеке баста мүліктің жоқтығы туралы, мекенжай анықтамасы, тағы да өзімізге керекті құжаттарды ала аламыз. Ыңғайлы әрі тиімді. Біздің колледжде барлық студент пайдаланады.

Хабар 24 телеарнасы