375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстікқазақстандықтар Масленица мерекесін атап өтуде

  • 194
  • UPD: 13:59, 10.03.2019

Солтүстікқазақстандықтар Масленицаны тойлап жатыр.

Орталық алаңға жиналған жұртшылық бірін-бірі айтулы мейраммен құттықтап арқа жарқа.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Ең бастысы шуақты көктемді асыға күткен халықтың көңілі көтеріңкі. Жүздеген қала тұрғыны оны атап өту үшін орталық алаңға жиналды. Бір ескере кететін жайт, славян халқының маслиницасы шығыстың Наурыз мейрамына ұқсас. Мәселен наурызда бізде көже пісірілсе, славяндықтар тәтті құймақ дайындап, жұртшылыққа дәм татқызады. Бүгін аталмыш мереке облыс орталығында сән-салтанымен тойланып жатыр. Жер-жерде әуелеген ән шырқалып тұр. Концерттік бағдарлама да ұйымдастырылған. Қыстан аман-есен шыққан жұрт бірін-бірі құттықтап мәре-сәре. Сауық-думанға келгендер тіпті түрлі спорттық сайыстарға қатысып бақ сынасуда.

Есенжол Қасенов, қала тұрғыны:

– Біз ұлтқа бөлінбейміз. Бәріміз біргеміз. Тату-тәтті өмір сүрейік.

Айта кету қажет, Маслиница мерекесі бір апта бойы тойланады. Бүгін міне соңғы күні. Ренжіскен жұрт бір-бірінен кешірім сұрап, қаһарлы қысты шығарып салады. Мұнымен қоса, қамыстан жасалған қуыршақты өртейді. Бұдан кейін славяндықтар ауыздарын бекітіп, алда болатын пасхаға дайындалады.

Хабар 24 телеарнасы