389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 20-ға жуық медициналық қызмет тегін көрсетіледі

  • 901
Түркістан облысында 20-ға жуық медициналық қызмет тегін көрсетіледі

Биыл Түркістан облысында 73 мекеме тегін медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді толық аятаған. Енді келісім жасасқан емханалар мен клиникалар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындайды. Жалпы өңірдегі мемлекеттік тапсырыстың 46 процентін жекеменшік, ал қалған 54 процентін мемлекеттік емханалар орындап отыр. Мамандардың айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі азаматтардың медициналық қызметке деген қолжетімділігін арттырады. Аталған жүйеге тіркелгендер келер жылдан бастап 20-ға жуық медициналық көмекті тегін ала алады.

Нұршат Айымбетова, медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы директорының м.а:

– Біріншіден азамат өз таңдауы бойынша тұрып жатқан жеріне байланысты барлық медициналық қызметті тегін ала алады. Сосын дәрігерлерді өзі таңдайды. Жекеменшікке бара ма, мемлекеттіке қарала ма, өз таңдауы.

Хабар 24 телеарнасы