378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық жас кәсіпкерлер ауылды дамытуға атсалысуда

  • 194
  • UPD: 15:44, 10.03.2019

Елбасының «Nur Otan» партиясының кезекті съезінде көтерген «Ауыл – ел бесігі» аталатын арнайы жобасын жас кәсіпкерлер де қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Бұл бағдарлама жастардың ауылда қалып, туған жерін түлетуге өз үлестерін қосуына оң әсер етеді»6 - дейді Кербұлақ ауданының іскер жастары.

Олардың арасында қаладан ауылға келіп, өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандары жетерлік. Ерлі-зайыпты Бағлан мен Шаттық Айтпайлар – солардың бірі. Олар аудан орталығы Сарыөзекке келіп, тәулігіне 3 тонна нан өнімдерін шығаратын наубайхана ашып алған.

Алматыдан Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзекке көшіп келіп, жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жастардың бірі – ерлі-зайыпты Бағлан мен Шаттық Айтпай. Олар тәулігіне 3 тонна нан өнімдерін шығаратын наубайхана ашып алған. Жеке диірмендері де бар. Бүгінде аудан аумағындағы барлық мекемелерді өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. «Біз Президентінің ауыл жастарын қолдау бағытындағы ұсыныстарын қызу қолдаймыз», - дейді олар.

Бағлан Маутанова, технолог:

– Ауылға келгенімізге ешқандай өкінішіміз жоқ. Ауылдың тынысы өте кең. Жұмыс істейтін адамға сала өте көп. Ақшасы да бар. Адал еңбекпен табылған ақша өзіңнің бойыңа дариды. Жастарға берер ақылым, білімі бар болса, талабы бар болса, ауылдан бастау керек.

Бұл наубайхананың ашылуы арқылы 40 шақты жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Кәсіпкер нан пісіріп, түрлі қайырымдылық шараларын да ұйымдастырып тұрады.

Ғалия Батырбаева, наубайшы:

– Жастардың ауылға келгені жақсы. Біздің басшымыз Шаттық жас болса да осы ұжымды басқарып отыр. Ризашылығымызды білдіреміз.

Шаттық пен Бағланның арманы – өткен ғасырдың 60 жылдарында салынған наубайхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, диірменге жаңа жабдықтар алу. Бірақ оған қаржы қолбайлау болып отырған жайы бар.

Шаттық Айтпай, кәсіпкер:

– Жас бизнесмен ретінде жеңілдетілген пайыздық үстемемен өзінің бизнесіне жететін қаражатты кедергісіз қолына жеткізе алса, ол жастар үшін үлкен көмек болар еді. Қаланың тірлігін тастап, жолдасымыз екеуміз ауылға қарай жұмыс атқаруға жолға шыққанбыз. Енді өзіміздің деңгейімізге қарай жобаға асып келе жатыр. Жақсы болады деп сенеміз.

Жас кәсіпкерлердің мал шаруашылығымен де айналысқылары келеді. «Бұйырса, ол күнге де жетерміз. Істеймін деген адамға ауылда жұмыс көп. Ең бастысы, ниет қылып, тынбай еңбек ете білу керек. Сонда қолға алған қай ісің де жемісті, берекелі болады», – дейді олар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы