378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендік стоматолог қазақ тілі курсын ашты

  • 199
  • UPD: 15:37, 10.03.2019
Өскемендік стоматолог қазақ тілі курсын ашты

Өскемендік дәрігер қазақ тілі курсын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойған Ярослав Кушнарев оны үйренудің тиімді жолдарын көптен іздестірген екен. Алайда осы уақытқа дейін ойындағыдай оқу мекемесін таппаған. Сондықтан білім құмар азамат мұндай орталықты өзі ашуға бел буыпты. Ол үшін жеке қаражатына кеңсе жалдап, керекті оқыту құралдарын алған. Мықты педагог та табыла кеткен. Соңынан әлеуметтік желіге хабарлама таратып, тіл үйренушілерді шақырады. Бір қуанарлығы, тіл үйренем деушілер аз емес көрінеді. Қазір аптасына екі-үш мәрте ұйымдастырылатын дәріске 15-20 адам қатысып, ауызекі сөйлесуді меңгеріп жүр. Араларында кәсіпкерлер басым. 

Ярослав Кушнарев, қазақ тілін оқыту курсын ұйымдастырушы:

– Тілді үйретуде ұтымды, қарапайым, күнделікті өмірге қажетті әдіс қолданылады. Яғни тек грамматикаға ғана емес, әр түрлі тұрмыстық оқиғаларға ыңғайланған оқыту курстары болғанын қаладым. Шынымен де осы ойымнан шыққан сияқты. Мысалы өзім мектеп қабырғасында қанша оқысам да түсінбеген сөздерді, осы жерде жылдам игеріп алдым.

Хабар 24 телеарнасы