378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Масленица мерекесі атап өтілді

  • 216
  • UPD: 18:00, 10.03.2019
Астанада Масленица мерекесі атап өтілді

Астанада Масленица мерекесі тойланды. Бұл қысты шығарып салып, көктемді қарсы алатын ежелгі славян халықтарының ұлттық мейрамы.

Христиандардың Ұлы оразасы алдындағы бір апта бойына жалғасатын шара бүгін Елордадағы Достық үйі алдында қызығы мол той-думанға ұласты. Бұл жерде дәмге толы дастархан жайылып, шығармашылық ұжымдар ән айтып, би биледі. Алуан түрлі ойындар мен спорттық сайыстар алаңға жиналғандардың көңілін көтеріп, бойын сергітті. Ал ұлттық киім киген қауым думанның ажарын кіргізіп, арқа-жарқа болды. Көпшілік құймақ пен май шелпекке де әбден тойды.

Шәрипа Жетпісбаева, «Радуга» ансамблінің көркемдік жетекшісі:

- Бүгін біз Масленица мерекесін тойлап жатырмыз. Осы үлкен Астананың төрінде жиналдық бәріміз - орыс, қазақ, грузин, татар. Бәріміз бірге ән айтып, би билеп жатырмыз. Астанада аспанымыз ашық болсын. Бәріңізге амандық, саулық, бірлік, тіршілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы