375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл тұрғындары Масленица мерекесін тойлады

  • 160
  • UPD: 20:06, 10.03.2019

Солтүстік қазақстандықтар Масленицаны атап өтті. Ол қысты шығарып салып, көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқының ұлттық мейрамы.

Ұлт пен ұлысқа бөлінбей, айрандай ұйыған жүздеген Петропавл қаласының тұрғыны осы бір мерекені тойлау үшін орталық алаңға жиналды. Әр жерден дастарқан жайылып, қонақтар құймақтан дәм тәтті. Мұнымен қоса сауық-думанға келгендер түрлі спорттық сайыстарға қатысып, өзара мықтыны анықтады. Таң сәріден көшелерде ән әуелеп, концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.

Есенжол Қасенов, қала тұрғыны:

- Проводы зимы, масленица дейді. Осылай бәрі жақсы өтсін. Көңілді болсын. Біз ұлт- ұлтқа бөлінбейміз. Бәріміз біргеміз. Жанымызда бәрі жүрсін. Орыс, қазақ, татар бәрі жүрсін. Тату-тәтті болсын. Арнайы келдік осыны көрейік деп. Жүрейік деп, кісілерді көріп. Біз де бәрі секілді қуанымыз енді, бәрі секілді.

Хабар 24 телеарнасы